$ 444.22  476.38  4.82

ҚМДБ республикалық медресе ұстаздарын сараптаудан өткізді

«Әбу Ханифа» және «Үш қоңыр» медреселерінің ұстаздары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы сараптауынан өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Muslim.kz сайтының жазуынша, медресе ұстаздарының біліктілік деңгейінің қызметіне сәйкестігі «фиһқ, ақида, тәжуид, араб тілі» пәндері бойынша анықталды. Сараптаманы ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Сансызбай Шоқанов жүргізді.

Айта кетсек, осыған дейін республикалық 9 медресенің ұстаздары сараптамадан өтіп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығы бойынша қызмет етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары