$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда ҚызПУ 70 жылдығын атап өтті

Бүгін 19 қыркүйек күні Республика сарайында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Қыздар университеті» медиа орталығының хабарлауынша, салтанатты жиынды Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ашып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Онда Елбасы: «Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде – 1944 жылы ашылған бұл бірегей білім ұясының елімізде педагог кадрлар даярлаудағы алатын орны өлшеусіз үлкен. Осы жылдарда мұнда ұлтымыздың мақтан тұтар даңқты ғалым ұлдары мен қыздары басшылық жасап, дәрістер оқыды. Сондай-ақ, университеттің көптеген түлектері ұстаздық қызметпен және ғылыммен айналысып, абырой биігіне көтерілді. Халқымыздың ұлттық құндылықтарын дарыту орайында көп жұмыстар жасалып жатқаны, университеттің еліміздің жоғары оқу орындары арасында үлкен беделге ие болып отырғаны көңілге қуаныш ұялатады», деп, университет ұжымының еңбегіне табыс тілеп, ел дамуына сүбелі үлес қосатынына зор сенім артқан.

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов университет қызметкерлерін ҚР білімі мен ғылымын, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғандары үшін арнайы медальдармен, алғыс хаттармен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары