$ 444.22  476.38  4.82

Британдық ғалымдар планшеттің балаға зиян екенін дәлелдеді

Лондон университеті мен Лондондағы Корольдік колледждің ғалымдары ценсорлы гаджеттердің кішкентай балаға зиянды екенін дәлелдеп шықты. Атап айтқанда, планшетті көп пайдаланатын баланың ұйқы дағдысы бұзылып, салдарынан ағзаның дамуында өзгерістер пайда болады екен. Бұл туралы Gizmodo басылымы хабарлап отыр.

Ғалымдар 6 мен 36 айлық аралығындағы балалары бар ата-аналардың арасында сауалнама жүргізген. Ата-аналар сәбиінің тәулігіне қанша сағат ұйықтайтынын, ұйықтау үшін қанша уақыт дөңбекшіп жататынын және түнгі ұйқысының қаншалықты тыныш екенін айтып берген.

Жауап берушілердің 70 пайызында ценсорлы гаджеттер болған. Ал, сол гаджеті барлардың 75 пайызының балалары (715) планшетпен ойнайды екен.

Зерттеу барысы көрсеткендей, смартфонмен, планшетпен көп ойнайтын балалардың түн ұйқысы қысқа болады. Планшетпен өткізген әрбір сағат бала ұйқысының 15,6 минутын қысқартады екен. Сондай-ақ, гаджетке құмар сәбилер түнде көп дөңбекшіп, біразға дейін ұйықтай алмайды дейді ғалымдар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары