$ 498.34  519.72  4.85

Жеңіс Қасымбек: «Машина жасауда шетелдік мамандардың тәжірибесі ауадай қажет»

ҚР Инновациялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, машина жасау саласы Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды қозғалтқышына айналған. Ал, осынау саланы одан әрі дамытуда шетелдің тәжірибелі мамандарының көмегі ауадай қажет. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығын жүзеге асыру барысында машина жасау еліміздегі ең қарқынды дамыған салаға айналған. Нәтижесінде бұрын-соңды елімізде шығарылмаған жаңа жоғары технологиялы өнімдер пайда болған, атап айтқанда, қазіргі таңда ел аумағында локомотивтер, электровоздар, жолаушылар вагондары, тікұшақтар, автокөліктер жасалып жатыр.

«Аталған саланы жан-жақты дамыту үшін жыл сайын Қазақстан машина жасаушыларының Форумын өткізуді дәстүрге айналдырдық. Өткен жылдың қыркүйек айында әлемнің 20 елінен 100-ден астам делегат қатысып, отандық машина жасау саласын дамыту туралы келелі жиын болды. Бұл салада шетелдік майталман мамандармен тәжірибе алмасу біз үшін ауадай қажет», - дейді Жеңіс Қасымбек өз жазбасында.

Оның айтуынша, соңғы жылдары осы саладағы өндіріс көлемі төмендеген, бірақ төмендеу қарқыны біртіндеп баяулап келеді. Ал, 2015 жылмен салыстырғанда негізгі өнім түрлеріндегі өндіріс көлемі біршама артқан. Мәселен, жүк автокөліктері, тіркемелі жүк вагондары, электрлі трансформаторлар мен конденсаторлар, талшықты оптикалық кабель және аккумулятор өндірісінде өсім бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары