$ 444.22  476.38  4.82

"Болашақ" стипендиаттарын қойға теңеген басшы қызметінде қалды

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы басшысы Жанболат Мелдешовке қатысты мекеме қызметкерлерінің шағымдарын тексерген комиссия оны қызметіне қалдырып, "қатаң сөгіс" жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы sputniknews.kz порталы мәлімдеп отыр.

"Болашақ" президенттік білім беру бағдарламасын басқаратын "Халықаралық бағдарламалар орталығының" қызметкерлері басшыларына қатысты шағымданып, Президент Әкімшілігіне, Бас прокуратураға, білім және ғылым министрлігіне арыз жазғаннан кейін, Орталықта дау шыққан болатын. Олар Орталықта өткен жиналыста "Болашақ" стипендиясы иегерлеріне тіл тигізіп, оларды "қойлар" деп атаған басшылардың бірінің видеосын халық назарына ұсынды.

Білім және ғылым министрлігі шағымда келтірілген деректерді қарау үшін комиссия құрады. Ал Орталық жетекшісін тексеру кезіне қызметтен шеттеткен болатын.

"ҚР БҒМ комиссиясының шешіміне сәйкес, Орталық президентін қызметінде қалдырып, бірақ оған "қатаң сөгіс" жариялау ұйғарылды. Сондай-ақ біз бүгін жұмыстан босатылған қызметкерлерді қызметіне қайта алу туралы келісімге қол еткіздік. Әйтеуір жүкті қызметкер мен қарауында үш кәмелет жасқа толмаған баласы бар екінші топ мүгедегі — Орталық қызметкер қызметке қайта алынды. Өз тарапынан Мелдешов бұдан былай қызметкерлеріне ондай "қысым жасамауға" уәде берді", — деп жазды өзінің парақшасында орталықтың қоғаммен байланыс жөнідегі басқарма басшысы Әйгерім Түгел. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары