$ 443.85  474.3  4.8

«ЮНЕСКО Клубтарының ІІ шығармашылық Академиясы» дарынды жастарды қолдауда

Биыл маусым айының 18 мен 28 аралығында «Жастар жылының» аясында Алматы қаласы Әкімдігінің жан-жақты қолдауымен «Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО Клубтары ІІ шығармашылық Академиясының» финалы өтіп жатыр. Жоба еліміздің дарында жастарын дамыту мен қолдауға, оларда толеранттылық рухында тәрбиелеуге және мемлекеттің болашақ әлеуетін күшейтуге арналған. Іс-шара Қазақстанның 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан келген 12-17 жас аралығындағы 1 000-ға жуық жасөспірімді қамтыды.

Конкурстық іріктеудің нәтижесінде ең үздік 100 студент Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының алдыңғы қатарлы ұстаздарынан вокалдық, аспаптық, бейнелеу және би өнерлері бойынша он күндік сабақ алуға шақырылды. Сонымен қатар, қатысушылар көшбасшылық пен жаһандық азаматтық туралы дәрістер, шеберлік сыныптар мен тренингтарден өтуде. Олардың барысында биылғы Академияның тақырыбы – «Жаһандық азаматтық арқылы шығармашылық білім беру» бойынша балалар ұлтаралық диалог пен мәдениеттер достастығы туралы бірегей білім алуға мүмкіндіктері бар. Нәтижесінде Академияның 80 сағаттан астам академиялық сабақтарымен қатар қорытынды Гала-концерт пен бейнелеу өнері бөлімі студенттерінің көрмесі болады.

Айта кетерлік жайт, жоба Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ға кіруіне және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының құрлуына 25 жыл толуын тойлауға, сонымен қатар, ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының пайда болуына 70 жыл толуына орай ұштастырылған және «Алматы қаласы жастар жылы» аясында өтуде. 

Бұл бастаманың әлеуметтік жоба екендігін және қатысушылардың Алматы қаласында орналасуына байланысты барлық шығындар ұйымдастырушылардың есебінен өтелетіндігін айта кеткен жөн. Жарысқа қатысу үшін бар жоғы Қазақстандағы 55 ЮНЕСКО Клубының бірінің мүшесі болу және дамуға деген талпыныс пен жеткілікті дәрежедегі қабілетке ие болу керек.

Жоба Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен ұйымдастырылған. Ұйымдастыру шаралары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен бірігіп атқарылды. Жобаға ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және «Тоталь Барлау және Өндіру Қазақстан» мен Caspian Projects Supply Company компаниялары кең қолдау көрсетті.

Алғашқы «ЮНЕСКО Клубтары шығармашылық Академиясы» 2016 жылы Астана қаласында орын алып, оған еліміздің барлық өңірінен 500-ден астам бала қатысты. Өзінің кең ауқымы мен сәтті өткізілуіне орай жоба дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады.

Аталған жоба аясында 27 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Әубәкірова Жания Яхияқызы; Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы; Алматы қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры өкілдігінің директоры – атқарушы директордың орынбасары – Тоқтаров Сергей Тельманұлы; Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының директоры Криста Пиккат; Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Шимашева Рахат Сейдахметқызы, сонымен қатар Қазақстандық Ұлттық және Азия-Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының президенті Ақшолақов Болат Оралұлының қатысуымен пресс-бранчқа өтеді. Шараға БАҚ өкілдері қатысып, пікір алмаса алады.

Ал, жобаның гала-концерті дәл осы күні саған 15:00-де Алматыдағы ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қорының ғимаратында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары