Білім & Ғылым 10.08.2017 сағат 05:56  1501

ҰБТ: Грант иелерінің тізімі БҒМ сайтында жарияланатын болды

Жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алған түлектердің тізімі әдеттегідей "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде емес, алдымен Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланатын болады. Бұл туралы БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.

"Грант иелерінің тізімі бүгін Білім және ғылым министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында жарияланады. Ал, дүйсенбі күні "Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" газеттерінде жарық көреді. Бүгін Астанада ЖОО-ға түсу мәселелері бойынша баспасөз мәжілісін өткіземіз. Грант иелерінің тізімі БҒМ сайтына түстен кейін шығады", - деді вице-министр үкіметте өткен брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін білім гранттарын жеңіп алған түлектердің тізімдері ең алдымен "Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" газеттерінде жарық көретін.

Соңғы жаңалықтар