$ 445.66  474.58  4.78

Мемлекеттік грант иелерінің жаңа тізімі жарияланды

Білім және ғылым министрлігі 2017 жылғы мемлекеттік грант иелерінің жаңартылған тізімін жариялады деп жазады "Егемен Қазақстан".

Еске салайық, бұған дейін ҰБТ-да жоғары балл жинап, гранттан қағылған талапкерлердің ата-аналары Білім және ғылым министрлігінің алдында жаппай наразылық білдірген болатын. Мұнан кейін министр Ерлан Сағадиев "Алтын белгі" иелеріне берілген гранттарды кері қайтаруға уәде берген. Енді бүгін сол өзгеріске енген жаңа тізім жарияланып отыр.

Айта кету керек, бұған дейін Білім және ғылым министрі "Алтын белгі" иелеріне ешқандай басымдықтың берілмейтінін мәлімдеген болатын. Бірақ, биыл мемлекеттік гранттарды бөлуде оларға басымдық берілді.

Ерлан Сағадиев "Алтын белгі" иелерін жоғары оқу орындарының қаржысына оқытуға уәде беріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары