Білім & Ғылым 15.08.2017 сағат 05:35  750

Ерлан Сағадиев мемлекеттік грант төңірегіндегі шудың себебін айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қоғамдық резонанс тудырған мемлекеттік білім беру гранттарының бөлінуіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Біз грантты экономиканың басым бағыттары бойынша бөлеміз. Мәселен, есептеу техникасына - 610, құқықтануға - 45 грант береміз. Жалпы медицинаға 2,5 мың грант бөлсек, стоматологияға бар болғаны - 45. Мұның барлығы түрлі даму бағдарламаларында бекітілген. Сәйкесінше, жыл сайын жоғары балл жинағандар белгілі бір мамандыққа грантқа түсе алмай қалады, ал төмен балл жинағандар керсінше грант иегері атанады», - деді министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл мәселе бірінші рет көтеріліп отырған жоқ және жыл сайын бұл процестен тәжірибесі жоқ оқушылар мен ата-аналар өтеді.

«Оның үстіне, қажетті мамандықтар саны өте кеш шығады және талапкер өз мүмкіндіктерін бағамдап үлгермейді. Балаға бейінді пәнін таңдап, сол бойынша дайындалуы үшін уақыт керек. Бұл мәселе бойынша министрлік бірқатар шешімдер ұсынады. Мәселен, мамандықтар бойынша бөлінетін гранттар санын үш жыл бұрын жариялау керек. Мұны үшжылдық бюджет аясында жасауға болады. Бақытжан Әбдірұлы, бұл мәселені биылдан қалдырмай шешу керек», - деді Сағадиев ҚР Премьер-Министріне қаратып айтқан сөзінде.

Сондай-ақ, министр білім беру гранттарын жеңілдікпен беру жөнінде де сөз қозғады.

«Бүгінде «Алтын белгі» бойынша әлеуметтік әділдік мәселесі өткір күйінде тұр. Биылғы гранттар «Алтын белгі» факторынсыз, ҰБТ-да жинаған балл бойынша берілді. Одан кейін республикалық комиссия «Алтын белгі» алған талапкерлер алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін шамамен 4% грант қосты. Ондаған жоғарғы оқу орындары хабарласты. Өткен жылы да «Алтын белгі» иегерлерін ЖОО гранттары бойынша орналастыруға мәжбүр болып едік. Енді биыл заңнамалық өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз», - деп өз сөзін түйіндеді министр. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар