$ 498.34  519.72  4.85

Әлемнің мега-компаниялары алматылықтарды интернетте бизнес жасауға үйретпек

Интернет саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып саналатын Google (АҚШ) мен Яндекс (Ресей) мамандары Алматыға келіп, жергілікті кәсіпкерлерге интернетте бизнес істеудің қыр-сырын үйретпекші. 

ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы кәсіпкерлер палатасы әлемдік және қазақстандық компания сарапшылары дәріс беретін «Digital marketing workshop» интернет-маркетинг сабақтарын бастады. Шараның ашылуында сөз алған Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов кәсіпкерлер үшін семинар тегін ұйымдастырылып отырғанын айтты.

«Алматы кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҰКП-сы да кәсіпкерлерге консалтингтік қолдау қажеттігіне көз жеткізді. Бизнеске маркетологтардың көмегі қажет. Сондықтан, маркетинг бойынша сауаттылық арттыруға арналған 6 жобамыз бар. Алматы кәсіпкерлер палатасында 15 маркетолог көмек көрсетеді. Сонымен қатар, біз маркетологтар клубын аштық. «Digitalmarketing workshop» бағдарламасын біз бірқатар әріптестерімізбен бірге ұйымдастырып отырмыз. Семинар 7-8 модульден тұрады. 2 ай сабақтар өтеді, әр аптаның жұма күндері жиналады. «Google», «Яндекс» компаниялары өкілдері дәріс береді. Қазіргі уақытты «Майкрасофт» компаниясы сарапшыларын жобамызға шақырып отырмыз. Біз интернет саудасы бойынша кәсіпкерлердің білімін көтергіміз келеді», - деді Юрий Тілеумұратов. Оның айтуынша, қараша айында қатысушылардың екінші тобы үшін сабақтар басталады.

«Сабақтарға қатысу тегін. Адамдарды іріктеуде шектеу жоқ. Бірақ негізінен кәсіпкерлер қатысуға өтініш білдірді. Бұл сабақтарды алдағы уақытта Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларында ұйымдастыру жоспарда бар», - деді ол.

«Digital Marketing workshop» жобасына «Казтелепорт» АҚ, «Видео-Интернешнл Казахстан», «Select Communication Group», «Vi Digital Казахстан», «Кликобилие», «Mastersite», «ApexInteractive Казахстан» және «Great Create» компаниялары әріптес болып отыр.

Google - америкалық трансұлттық корпорация. Негізгі табыс көзі - интернеттегі жарнама. Компания құрамына бірнеше сервис біріккен. Атап айтқанда, интернеттегі іздеу жүйесі, Gmail электронды поштасы, Youtube видеохостингі және т.б. Басты кеңсесі Калифорниядағы «Силикон» аңғарында орналасқан. Бүкіл әлемде Google корпорациясының 60 мыңға жуық қызметкері бар. Бұл өз кезегінде компанияны ең ірі жұмыс берушілердің көшін бастауына мүмкіндік туғызып отыр.

Яндекс болса Google-дің ресейлік аналогы. Интернеттегі іздеу сервисі негізінен Ресей, Украина, Беларусь, Қазақстан секілді ТМД елдерінде кеңінен қолданыста. Әлемнің ондаған қаласында компанияның кеңселері бар. Қызметкерлерінің саны 5 мыңнан асып жығылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары