$ 498.34  519.72  4.85

Таразда «ArtLife – Туған жерге тағзым» атты суретшілер байқауы өтті

Бүгін осындай  атаумен Тараз иновациялық-гуманитарлық университетінің бейнелеу өнері шеберханасында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар Ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, жас суретшілердің байқауы  өтті.

Облыстық қылқалам шеберлерінің  сайысында 28 талантты жас бақ сынады. Соның ішінде арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары, шығармашыл жастар арасында өткен байқауда 14-17 жас аралығындағы  суретшілер қатысты. Олар Әулиеата жері мен қазақтың кең даласының көрікті жерлерін қағаз бетіне түсірді.

Байқаудың мақсаты – Мемлекет басшысының мақаласындадағы «Туған жер» бағдарламасын жастар арасында кеңінен насихаттау, суретшілердің шығармашылығын шыңдау және әрбір жастың патриоттық сезімін қалыптастыру. Сонымен қатар, отанына, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.

 «Мен бүгінгі байқауға 43-мектептің атынан келіп тұрмын. Бұның алдында көп байқауларға қатысатынмын. Бүгінгі байқау ұйымдастырушына көп рақмет айтқым келеді. Және де қатысушыларға сәттілік тілеймін» дейді байқауға қатысып жатқан жас суретші Кәмила Ескермес.

Байқау қорытындысы бойынша отызға жуық қатысушының ішінен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Айдана Скандерқызының туыныдысы үздік деп бағаланды. Ал, екінші орынды №36 орта мектептің оқушысы Аружан Нұрқабыл қанжығасына байласа, жүлделі үшінші орынды 20-мектептің қушысы Әйгерім Жанұзақ иеленді.

«Бұлақ көрсең көзін аш демекші, біз әр кезде таланттарды анықтап қана қоймай, оларды қолдауымыз керек. Елбасының өзі Қазақстанның болашағы дарынды, білімді жастардың қолында екенін жиі айтады. Сол дарындылардың шыңдалуына, рухани дамуына біз де үлес қосуды мақсат етіп отырмыз»- дейді шараны ұйымдастырушылар.

«Еліміздің болашақ көрнекілік бейнесін жасайтын талантты жастар екенін естен шығармағанымыз жөн. Сол себепті, талантты жастардың ішінде облысымыздағы  үздігін анықтау бүгінгі біздің байқаудың негізгі міндеті. Ең үздіктері республикалық байқауларда облыс намысын қорғайтын болады», - дейді ҚР суретшілер одағы Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы Айдархан Сихаев.

Жүлделі орындардан бөлек , «Композицияның көркемдік ойы», «Бейненің шынайылығы»,  «Бейнелеу технологиясының ерекшелігі» номинациялары бойынша да қылқалам шеберлерінің туындылары таңдалып, марапатталды. Сондай-ақ, байқау соңында, барлық  қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары