$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда онлайн режимде қалалық ата-аналар жиналысы өтті

Алматыда ҚР Бас прокуратураның «Балаларды бірігіп қорғайық!» атты жол картасын жүзеге асыру мақсатында қалалық Білім басқармасы ата-аналармен онлайн режимінде жиналыс өткізді.

Он-лайн режиміндегі қалалық жиналысқа www.1.sabak.kz сайтының «Almaty» виртуалды бөлмесі арқылы барлық қала мектептері оқушыларының ата-аналары қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Жиналыс барысында «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және ескерту» мәселелері қарастырылды.

Ұйымдастырылып отырған іс-шараның мақсаты – балалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың, балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын-алу. Оқушылардың ата-аналарына қарастырылып отырған мәселелер бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Алматы қаласы прокуратурасының өкілі Ахан Ысқақов, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бөлім басшысы Жанар Есмағамбетова, Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметіне қарасты ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Біз мелекеттілігіміздің рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз», - деп, рухани-адамгершілік мәселесінің қоғамдағы жағдайына ерекше назар аударады.

Алматы қаласы Білім басқармасы білім беру ұйымдарында тәрбие беру жұмыстарын жақсарту, балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында бірқатар аймақтық жоспарларды іске асырып келеді. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы 202 мемлекеттік мектеп бойынша кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі 195 мектеп инспекторы бекітілген. Қалған 7 мектепке қосымша кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі участкелік полиция инспекторлары бекітілген.

2017-2018 оқу жылы басынан «Мектепке қауіпсіз жол», «Түнгі қаладағы балалар», «Қауіпсіз автобус», «Жасөспірім», «Қауіпсіз мектеп» және т.б. шаралар іске асырылып, сынып сағаттары өткізіліп келеді. Соған қарамастан бүгінгі күні мектеп оқушыларының арасында түрлі құқықбұзушылықтар орын алып отыр.

- Бала тәрбиесі мәселесінде мектеп пен ата-аналардың бірлесе жұмыс жүргізуі шарт. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршаға ортақ, әрі міндет. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата-аналар болып қолға алғанда ғана болашағымыз жарқын болмақ,- деді Алматы қаласы Білім басқармасының рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Нұргүл Тау.

Айта кетейік, жиналыс 2016-2017 оқу жылында 8 рет (10 000 ата-ананың қатысуымен) өткізілген болатын.

Осы жылы қалалық ата-аналар жиналысы дәстүрлі түрде 2017-2018 оқу жылында бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта айына бір рет өткізу жоспарлануда.

Айымхан Әмірбекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары