«Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі». Елбасының бағдарламалық мақаласындағы сананы жаңғырту, ұлттық болмысты жүзеге асыру мақсатында білім мен ғылымға, тәрбие саласына да үлкен мән беріліп отыр. Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова осы туралы толық мәлімет беріп өтті.
Басқарма «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында 3 базалық бағытты қамтитын 5 жылға арналған 36 кіші жоба әзірледі. Жоба шеңберінде өтетін іс-шараларға облыс көлемінде 2 млн. ға жуық мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысады деп жоспарланып отыр. Биылғы жаңа оқу жылында жалпы білім беретін орта мектептерде «Өлкетану», «Туған өлке тарихы», ал техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде «Тарихи өлкетану», «Әдеби өлкетану» курстары енгізілді. Одан бөлек, оқушыларды туған өлке тарихын зерделеуге ынталандыру, өлкетанулық білімнің рөлі мен маңызын арттыру мақсатында жұмысшы топтары құрылып, авторлық бағдарламалар дайындалды. Жастарды білімді және саналы болуға, ұлттық кодымызды сақтай білуге тәрбиелеу ісі бойынша 255 орта мектепте «Тәрбие және білім» кабинеттері, 5 колледже «Зерде», «Руханият» рухани дамыту орталықтары ашылған. Брифингте сондай-ақ, еліміздегі білім реформасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайы да кеңінен сөз болды.
Рахия Тұрмаханбетова, Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы:
- Қазір бізде 150 мектеп электрондық жүйеге көшкен. Сондықтан да мына жаңа бағдарламаладың бейне қоры, оларды бейнематериалдармен қамтамасыз ету – осы компьютерлерге енгізіледі. Интернет арқылы, болмаса арнайы бағдарламаларды компьютерге енгізу арқылы оқу процестері жүргізіледі. Қазір үлкен назар аударатын мәселе – интернет желісінің жылдамдығын арттыру, компьютерлік парктерді жаңарту. Бұл бойынша алдағы жылдың бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстар енгізіліп отыр. Келесі бір мәселе – болашақ мамандарды дайындауымыз керек. Яғни оның бір түрі – «Робототехникамен» айналысу деген сияқты. Бүгінде облысымызда тамыз айында 6 ғана робототехника кабинеттері болса, бүгінде оның саны 20-ға жетті.
Осы ретте айта кетейік, Елбасының биыл сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жастардың білім алуына қатысты бірнеше тапсырма бар. Бұл тапсырмалар үкіметке жүктеліп отыр. Онда өмкелең ұрпақтың үш тілді меңгеруі, ғылым мен технологияны игеруі жайында айтылады.