$ 498.34  519.72  4.85

Таразда «Үздік ұран» байқауы мәресіне жетті»

Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында осылай атап көрсеткен болатын. Осының негізге алған Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасы «Үздік ұран» ашық байқауын жариялаған болатын.

Бүгін ТИГУ университетінің  қолдауымен байқау жеңімпаздарын  марапаттау рәсімі өтті. Оған арнайы Астана мен Алматы, Шымкент қалаларынан спикерлер келіп, рухани жаңғыруды қалай түсінетіні жайында жастармен ой бөлісіп, байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Елбасының мақаласындағы үздік идеяларды ақпараттандыру мен халыққа түсіндіру мақсатында өткізілген «Үздік ұран» байқауы бүгін мәресіне жетті. Оған барлығы елу екі үміткер, өз туындыларын ұсынған. Байқау талаптарынан сүрінбей өтіп, әділқазылар мен ұйымдастырушылардың назарына тек бес мақала ілігіпті. Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау қиын болды, барлық қатысушылар туған жерге деген махабатын, рухани жаңғыруды қалай түсінетінін  өз еңбектерінде тамаша көрсеткен дейді спикерлер.

«Бұл мақалаға тек мақала күйінде қарамау керек. Бұл біздің өміріміздің салтына айналуы керек. Өйткені өзіңнің дәстүріңді сақтай отырып, өткеніңді сақтай отырып, алға даму деген мақаланың  негізінде. Өйткені өткеніңді тыңдамасаң болашақ саған тас атады дейді. Сондықтан бізде білуіміз керекпіз», - дейді «Республикалық радио» ЖШС бас директоры Мәди Манатбек.

«Үздік ұран» байқауы «Білімнің салтанат құруы», «Туған жер», «Қазақстанның киелі географиясы», «Мәдени мұра», «100 жаңа  есім» аталымдары бойынша жоспарланған. Онда әр қатысушының мақаласы түрлі аудиторияға бағытталуы, адамға оңай қабылданып, есте сақталуы  жеңіл және жаңашылдық идеялары көрініс табуы сияқты талаптар қойылған. Бағы жанып үздіктер қатарынан көрінгендердің бірі Нұржан Бексұлтанов «100 жаңа есім» жобасының  жүлдегері атанды.

«Әсер. Айта алмаймын. Екі номинация алғанда жақсы шығар. Өз еңбегіммен алдым деп ойлаймын. Өйткені бір қанатты сөз бар. Шын сүйіспеншіліктен туған нәрсе ғана сүйсінерлік болары сөзсіз. Мен елімді сүйемін, халқымды сүйемін. Сол сүйіспеншіліктен менің осындай ұран сөздерім туды деп ойлаймын», - дейді байқау жеңімпазы Нұржан Бексұлтанов.

Қазақтың атын шартарапқа шағарса менің түсінігімде рухани жаңғыру деген осы деп атап өтті еліміздің бас болгері Қанат Әуесбай өз сөзінде. Бұл байқаудан әркім өзінше ой түйді. Жастар аға буынның ақылын тыңдап, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын тереңірек ұғынды. Ал, байқау жеңімпаздары 100 мың теңеден ақшалай сыйлықпен арнай сертификатқа ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары