$ 498.34  519.72  4.85

Астаналық стартаперлер бюджеттің миллиардтарын үнемдеудің жолын тапты

Назарбаев университетінің түлектері тарнсфарматордың жұмыс қабілетін ұзарту үшін құрылғы жасап шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

 Жоба туралы стартапер командасындағы бес қатысушының бірі, менеджер Әділет Зәуренбек айтып берді.

«Біздің жоба «Трансфарматорды алыстан бақылау» деп аталады. Бұл жүйе бұлт түрінде болады және серверде біздің алгоритм жазулы тұрады, біз трансфарматордағы барлық мәліметті жинап, оны өңдейміз. Осы мәліметтердің арқасында трансформатордың өміршеңдігін ұлғайта аламыз», - дейді Ә.Зәуренбек. 

Оның айтуынша, жас ғалымдардан құралған топтың ойлап тапқан дүниесі трансформатордың жұмысындағы проблемаларды уақытында анықтап, оны алып тастауға, бақылауға көмектеседі.

«Трансформатор – бұл да дер кезінде проблемасын анықтамасаң, уақыт өте келе тозып сынатын машина сияқты. Құралды тезірек жөндесең, арзанға түседі, жұмысқа қабілеттілігі де артып, қомақты қаржыны үнемдеуге болады», - дейді ол жобаның артықшылығын түсіндіріп. 

Трансформатордың құны жүз мың долларға дейін барады. Ірі электростанциялардың баласында мұндай аппараттардың көптеген түрі бар.

«Мысалы, «Астана РЭК» балансында 100 мыңға жуық трансформатор бар, оның әрқайсысы 150 мың доллар тұрады. Егер олардың өмірлік циклін 5 жылға ұзартатын болса, ол миллиардтарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Болашақта біздің жүйе жасанды интеллектке бағытталады», - деді Ә.Зәуренбек.

Жаңа құралды тәжірибеден өткізіп көрді, ол автоматты түрде сынып тұрған жерді тауып, хабарлады.

«Тәжірибеден кейін сегіз сағат, 35 минуттан кейін трансформатор күйіп кетті, яғни біздің тәжірибе сәтті өтті», - дейді менеджер ғалым.

Оның айтуынша, зерттеу бірінші кезеңде зертханада өткен, команданың ендігі жоспары – кәдімгі трансформаторды қолданып көру.

Жобаны жасауға жастардың бір жылдан аса уақыты кеткен. Құрылғыны іс жүзінде пайдалану 2018 жылдың жазына белгіленді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары