$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда кәсіптік білім алудың артықшылықтары талқыланды

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы алаңында партиялық тыңдау өткізіліп, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы сөз қозғалды.

Түскі ас, стипендия және жол ақысы – Алматы қаласындағы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының қатысушылар үшін жасалынатын артықшылықтардың бірі болып табылады. Бүгінде Алматыда бағдарламаға қатысушылар саны 2500-ге жуы қадамды құрайды.

– Қазіргі кезде техникалық және кәсіпті кбілім, сонымен қатар қысқа мерзімді кәсіптік білім беру саласында кадрларды даярлау жұмыстары жүргізілуде. Жоба 17 мемлекеттік және 7 жеке меншік колледжде 25 мамандық бойынша және еңбек нарығында сұранысқа ие 41 біліктілік бойынша жүргізіледі, – дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гауһар Абуова.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгін Алматы қаласы халқының саны 1728,8 мыңадам. Жұмыс күшінің өкілдері – 936,1 мыңадам. 886,4 мың алматылық жұмыспен қамтылған, ал алып шаһарда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 67,8 мың адамды құрайды.

Жұмыспен қамтылмағандар саны 49,8 мың адамға жетіп отыр. Бағдарламаның үшінші бағыты осы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуды көздейді.

– Қазіргі таңда 11 904 адам тұрақты жұмысқа орналасты, қоғамдық жұмыстарға 2344 адам жұмылдырылды. 537 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, – деді өз сөзінде Г.Абуова.

Кездесу барысында Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева берілетін әлеуметтік кепілдіктің арқасында жастардың осы бағдарламаға деген қызығушылықтары артқандығын атап өтті. Колледждерге келген жастардың көптігі соған дәлел. Жалпы, бағдарлама бойынша қалалық колледждерге 2500 адам қабылданған.

– Жастар тәжірибесімен қаланың 1000-ға жуық жастары қамтылған. Алматы қаласының әкімі 2017 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған орай, Жастар тәжірибесіне қатысушылардың санын 2000 адамға дейін жеткізу көзделуде және қосымша қаражат бөлу де қарастырылған, – дейді Ләззат Жылқыбаева.

Іс-шара соңында партиялық тыңдауға қатысушылар тарапынан бағдарламаны тиімді іске асыру бойыншабірқатар ұсыныстар айтылды. Мысалы, еңбек нарығындағы талаптарға сай біліктілік деңгейін меңгеру үшін берілетін үш ай көлемінің аздығына орай, білім беру мерзімін ұзарту бойынша ұсыныс айтылды.

Сонымен қатар, нұротандықтар оқу ақысын белгілеу барысында орташа белгілеуден әртараптандыру жүйесіне көшуді ұсынды. Мамандық саласында байланысты оқу шығындары да әртүрлі болып келеді.

Алматы қаласының мәслихат депутаты Марат Абдуллаев медициналық колледждердің барлығына жекеменшік нысанына қарамастан объективті аттестациялау өткізуді ұсынды. Халық қалаулысының пікірінше, бұл шара сапалы мамандар даярлау үшін аса қажет. Жұмысшылар мамандығын даярлайтын қосымша кәсіби-техникалық оқу орындарын ашуды қарастыру қажет.

Партиялық тыңдау соңында іс-шараға қатысушылар тарапынан ұсынылған барлық сұрақтар «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратына жолданатындығы айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары