$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда «Алаш қозғалысы және рухани жаңғыру» атты конференция өтті

Биыл алғаш қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған Алаш қозғалысының құрылғанына тура 100 жыл. Қазақтың нағыз зиялыларының басын қосқан осынау идея астына әліге дейін қазақтар қоғамы жиналып, патриоттықты, ұлтжандылықты насихаттап келеді.

Осынау 100 жылдық дата биыл елімізде республикалық дәрежеде аталып өтіп жатыр. Қазақстанның барлқ өңірінде Алаш қозғалысына қатысты рухани кештер өтіп, бірнеше кітаптың тұсауы да кесілді. Ал, Алматыда бүгін «Алаш қозғалысы және Рухани жаңғыру» деген тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік ғылыми конференция өз жұмысын бастады.

Жиынға келген ғалымдар Алаш зиялыларының еңбектерін, ерліктерін, арттарынан қалған хаттарын ортаға салып, тың деректерімен бөлісуде. Сондай-ақ, тарихшы-ғалымдар алашордашылардың еңбегін өнермен дәріптеу үшін кинотуындыларды, спектакльдерді көбейту керек деген пікірлерін де айтып, оны баршасы бірауыздан қолдады.

Жиынға сондай-ақ, Қазақстанның кино режиссерлері мен тарихшыларынан бөлек, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Белорусь елдерінің ғалымдары қатысты. Басқосуда Алаш қозғалысының құрылу тарихымен қатар, зиялылардың атқарған істері мен қызметі, тарихи тағдыры, қазақ елінің дамуына қосқан үлесі сөз болды.

«Алаш қозғалысы» деген уақытта бұл ұлттың өзін-өзі түсінуі. Өз жағдайын, өз халін түсінуі. Алаштықтардың функциясы не болды? Ол - ұлтты оятты. Ұлтқа өз жағдайын түсіндірді. «Сен құл болма, сен құл емессің. Мынау жер сенікі,  Отан сенікі. Сол Отанға, жерге өзің ие бол», деп кетті», - деді тарих ғылымдарының докторы Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ.

«Алаш» партиясы 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған болатын. Партия төрағасы көрнекті қайраткер — Әлихан Бөкейханов.

Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары