$ 471.45  547.21  6.63

«Ұстазым» деп бетіме күліп келген»: Баян Алагөзова Мөлдірдің бар өтірігін ашты (ВИДЕО)

"Концерттерге шықпау үшін түрлі әрекет жасады". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзова «КешYOU» тобының бұрынғы мүшесі Мөлдір Әуелбекова туралы көлемді мәлімдеме жасап, әншіге қатысты өкпе-ренішін ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Продюсердің сөзінше, Мөлдір Әуелбекова бұған дейін «КешYOU» тобының 20 жылдық концертіне қатысатынын айтып, өзіне жылы қарым-қатынас білдірген.

«Мөлдір келіп, майысып күліп: “Ұстазым, әрине келемін. Мен сізге разымын” деп айтқан болатын», – деді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ продюсер әншінің «Баян бізді шешіндірді» деген мәлімдемесіне қатысты ренішін жасырмады.

«Ол алғаш кастингке өте қысқа шортымен, кіндігі көрініп тұратын топ киіп келген. Ақтары шынымен өте әдемі, ұзын, мықты еді. Кейін “Мен шын мәнінде ибалы, инабатты едім, Баян бізді шешіндірді” деген сөздерін естігенде қатты ұялдым. Орамалға келгеннен кейін ұялып қалған шығар. Бұл жерде ұят болатын ештеңе жоқ еді», – деді продюсер.

Баян Алагөзова желі қолданушыларына Мөлдірдің бұрынғы образдарын қарап шығуға кеңес берді.

«Жай ғана қыздардан Мөлдір алғаш келген кезде не киіп жүргенін сұраңыздаршы. “Суперстар” жобасында да қысқа белдемшемен өнер көрсеткен. Ал қазір “Мен сол жоба арқылы танылдым” дейді. Негізі оны теледидардан екі-ақ рет көрсетті», – деді ол.

Продюсердің айтуынша, Мөлдір Әуелбекованың шығармашылық жолындағы ең үлкен мектеп «КешYOU» жобасы болған.

«Мөлдір, сен 22 жылдан бері әртіс емессің. Сен 22 жылдан бері “КешYOU”-дың бұрынғы солисісің. Нағыз әртіске тән білім мен қасиеттің бәрін осы топта жүріп үйрендің», – деді Баян Алагөзова.

Сонымен қатар ол әншінің потенциалын көріп, арнайы кино түсіргенін де айтты.

«Мен оның потенциалын көріп, арнайы “Ғашық жүрек” фильмін түсірдім», – деді продюсер.

Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекованың топтан кеткеннен кейін қайта хабарласқанын да еске алды.

«Мөлдір кеткеннен кейін кездесуді сұрады. Кездескен кезде көздері мұңға толып тұрды. Жеке өмірінде де, шығармашылығында да бәрі кері кетіп жатқанын айтты. Кейін “Мені жеке әнші ретінде алыңыз” деп өтінді. Бірақ мен “Сені жеке әнші ретінде ала алмаймын” дедім», – деді ол.

Продюсердің сөзінше, осыдан кейін әнші денсаулығына байланысты түрлі сылтау айтқан.

«Содан кейін өтірік қан қысымы көтерілгендей кейіп танытты. Жедел жәрдем келген кезде ешқандай қан қысымы жоқ екенін айтты. Кейін аяғымды шығарып алдым деді. Концерттерге шықпау үшін түрлі әрекет жасады. Менің көзімше ғана ақсаңдап жүретін», – деді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ ол Мөлдір Әуелбекованы ұстазы Бағым Мақсатқызына қатысты да сынға алды.

«Ол бес жыл бойы үйінде тұрған, асын ішкен ұстазы Бағым Мақсатқызының артына қанжар сұқты. Бағым Мақсатқызы әлі күнге дейін сол ауырлықпен өмір сүріп жүр. Жаны ауырғандықтан дәрі қабылдайды», – деді продюсер.

Әзірге Мөлдір Әуелбекова бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0