$ 494.87  520.65  4.91

Мұғалімдердің жалақысын көтеруге 60-70 млрд теңге керек – Бақыт Сұлтанов

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мұғалімдер жалақысын көтеруге 60-70 млрд теңге кетеінін айтты деп жазады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Елбасының халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру үшін бюджетті тағы бір нақтылау қажет» деді Үкімет үйінде еліміздің қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

– Мұғалімдердің жалақыларын көтеру жөніндегі мәселелер алдын ала жасалған есептерде де бар еді, енді оны жаңартылған мазмұнда қайта қарайтын боламыз.

Мұның бәрі Ұлттық экономика министрлігінің  Елбасы Жолдауын жүзеге асыру жөніндігі жалпы халықтық жоспарын  жариялағаннан кейін  белгілі болады.

Осы бағытқа шамамен 60-70 млрд теңге қажет. Бұл алдын ала есептеліп, қарастырылып қойылған. Басқа бағыттар бойынша да нақты цифрлар бар, –деді  Бақыт Сұлтанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары