$ 443.85  474.3  4.8

Оқушылардың үй тапсырмасы азаятын болды

ҚР білім және ғылым министрлігі оқушылардың жүктемесін төмендету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.

– Министрлік оқушылардың жүктемесін төмендету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2017 жылдың сәуірінде білім және ғылым министрінің "Үй тапсырмасын реттеу туралы" бұйрығы қабылданды. Бүгінгі таңда оқушылардың үй тапсырмасы үштен бірге қысқарды. Аталған құжат жаңа оқу жылының бірінші қыркүйегінен бастап қолданысқа енді. Оқушылар жүктемесін азайту мәселесін ұстаздар жиналысында жиі көтеріледі. Аудан, қалалалардың білім басқармалары мен бөлімдеріне үй тапсырмасын реттеу жайында тапсырма берілді, – деді Каринова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. 

Департамент директорының айтуынша, білім министрлігінде бір оқушыға аптасына түсетін жүктемені азайту бойынша жұмыс тобы құрылған. 

– Қандай пәннен үй тапсырмасы қанша болу керектігі құжатта айқындалған. Бүгінде оқушылардың үй тапсырмасы 150 минуттан аспауы керек. Бұл норма білім министрінің бұйрығында көрсетілген, — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары