$ 448.15  483.46  4.86

Ғалым: «III дүниежүзілік соғыс міндетті түрде болады және ол тарихтағы ең қанды қырғынға айналады»

Америкалық математик, Колорадо университетінің өкілі Аарон Клаузет Үшінші дүниежүзілік соғыс қашан болатынын есептеп шығарды. Тарихи деректерге талдау жасаған ғалым соғыстарды жергілікті және үлкен деп екіге бөліп қарастырған.

Клаузет соғыстардың арасындағы уақыттармен бірге қаза тапқан жауынгерлердің де санын есептептеп шығыпты. Оның мәліметінше, 1823 жыл (Франция мен Испания соғысы) мен 2003 жыл (АҚШ-тың Иракқа басып кіруі) аралығында Жер бетінде барлығы мемлекетаралық 95 қарулы қақтығыс болыпты. Ал, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері әлемдегі қақтығыстардың саны айтарлықтай азайған. 1945 жылдан бүгінге дейін мемлекеттер арасында небәрі 5 соғыс болған екен. Олардың аралығы 12 жыл 8 айды құрайды.

Қазіргі тыныштықты ғалымдар "ұзаққа созылған бейбітшілік" деп атап жүр. Дегенмен, Аарон Клаузеттің айтуынша, бұл адамзат баласына тек солай елестейді. "Шындығында әлем қазір "Ұлы зорлық" дәуірінен кейінгі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Қазіргі бейбітшілік деп отырғанымыз жай ғана иллюзия. Бұған дейінгі жауыздықтардан кейін агрессиялы елдер одан да зорына дайындалып жатыр. Жалпы алғанда, соңғы 100 жылда соғыс саны азайғанымен, агрессия сол күйі қалып отыр", - дейді математик өзінің Science Advances журналына жарияланған мақаласында.

Оның пікірінше, Екінші дүниежүзілік соғыс пен үшіншісінің арасы 205 жылды құрауы мүмкін. Яғни, мемлекеттер арасындағы келесі қақтығыстар 2150 жылы болуы ықтимал. Клаузеттің ойынша, бұл соғыс әлем тарихындағы ең қанды қырғынға айналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары