$ 494.87  520.65  4.91

Баян Алагөзованың қызы еліміздегі ең беделді университеттің жемқор екенін жайып салды

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек еліміздегі ең беделді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жемқорлығы жайлы сөз қозғады. Ол «Өзім оқымасам да, сонда білім алып жатқан студенттерді жақсы танимын» деді Instagram-парақшасындағы тікелей эфир барысында.  

«Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қазақ ұлттық университетінде жемқорлық атымен жоқ»  деген мақала оқыдым. Бұл – жалған ақпарат. Өзім осы университетте оқымасам да сонда білім алатын 20 студентті жақсы білемін. Олар өздерін студент қатарына қосқанымен сабаққа қатыспайтындарын айтқан. Мен де дәріске қатыспай, диплом алуға қарсы емеспін», – дейді Айсәуле Бақытбек.  

Сондай-ақ ол жоғарғы оқу орындарымен қатар, ауруханалар мен мектептерде де жемқорлықтың өршіп тұрғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары