Білім & Ғылым 07.03.2018 сағат 11:59

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері бекітілді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жариялады. 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылады. Сондай-ақ конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтеді. 

Айта кетерлігі, қазақстандықтар үшін білім саласындағы үкіметаралық келісімшарттар негізінде шет елде тегін білім алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Биыл түлектер үшін 10 000-ға жуық грант бөлінді. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Малайзия, Түркия және Польша университеттері гранттарына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар