$ 448.15  483.46  4.86

ОҚО-да мектеп директоры оқушылардың парталарын сатып жіберген

Оңтүстік қазақстан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Қошқарата ауыл жұрты білім ошағындағы мүліктің талан-таражға түсулеріне наразылықтарын білдіруде. Олар тіпті құзырлы органдарға шағымданған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Ауыл тұрғындары мемлекеттік мекемеге тиесілі мүліктердің сатылып жатқанына бей-жай қарай алмаймыз дейді. Басынан дау арылмаған мектеп директорына қоңырау шалғанмен, орнында болмағандықтан жауап ала алмадық. Ауыл тұрғындарының арызын алған адвокат бұл дауға қатысты әлі күнге аудандық әкімдік пен білім беру басқармасы жауап берген жоқ деп отыр. Олар бассыздықтарды жіпке тізіп, прокуратаруға да шағым түсірген. Әзірге олардан да жауап жоқ дейді.

Әсемгүл Құлмаханова, ОҚО Қошқарата ауылының тұрғыны:

- Дәлелім - мына парта. Менен басқа қанша адам алып жатқаны белгісіз. Дәлелдеп, көрсетіп тұрмын міне, екі парта алғаным. Әжетіме жаратып жатырмын, ұрлап алғаным жоқ. Өзінен сатып алдым.

Әділхан Берманов - Заңгер, Қошқарта ауыл тұрғындарының сенімді өкілі:

- Қараша айында тапсырылған арыздарға әлі жауап жоқ. Тек қолымызда прокурордың берген түсіндірмесі бар. Сыбалйас жемқорлық бөліміне жолданғаны жөнінде, одан кейін ешқандай жауап жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары