$ 494.87  520.65  4.91

68 жастағы зейнеткер немересімен бір күнде диплом алды

АҚШ-та 68 жастағы зейнеткер мен оның 22 жастағы немересі бір күнде университет бітірді. Бұған дейін әжесі мен немересі үй тапсырмасын бірге орындап, емтиханға да бірге дайындалып келген деп хабарлайды шетелдік CTV арнасы.

Өткен жылдың мамыр айында 68 жастағы Тереза Лайлз бір кездері өзі тастап кеткен университетті бітірмекші болған. Ол 1967-1970 жылдары аралығында студент болып, үш курсты аяқтаған. Сондықтан да диплом алу үшін оған небәрі 6 сабаққа қатысу қажет болған. Бір кездері әжесі оқыған университетте бұл күндері оның немересі Зури Лайлз оқып жатқан.

Осы орайда әжесі мен немересі бірігіп үй тапсырмасын орындап, емтиханға бірге дайындалып келген. Қаңтар айында Зуридің анасы көз жұмған. Сол шақта бойжеткен оқуын тастап кеткісі келген. Алайда әжесі оқудан шығу арқылы анасын қайтара алмайтынын айтып, немересін тоқтатқан. Мамыр айының басында екеуі диплом алып, оны табыстау салтанатына туыстарын шақырған.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары