Нөлінші және 1-сыныптар латын қарпімен оқуды 2020 жылы бастайды деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Биыл нөлінші сыныптарға арналған оқулықтар әзірленеді.
Білім министрлігі бекіткен білім беру орындарының латынға ауысу мерзімдеріне тоқтала кетейік. Нөлінші және 1-сыныптар латын қарпімен оқуды 2020 жылы бастайды. Бастауыш сыныптар 2023 жылға дейін көшуі тиіс. 2024 5-9-сыныптар көшсе, 2025 жылы 10-11-сыныптар латынша оқымақ.
Ал, 2020-2023 жылдар аралығында колледж студенттері латынша оқуға көшеді. Латын қарпімен оқу 2021 мен 2025 жылдар аралығында жоғары оқу орындарына енгізіледі. Сол себепті жыл сайын 9 мың мұғалім жаңа әліпбиді үйренеді.
Оқу мекемелері 2025 жылға дейін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіп бітуі тиіс.