Ақтөбе облысында орамал таққан оқушылар келесі сыныпқа өтпеуі мүмкін деп жазады Мой Город.
Ақтөбе мен Шалқардың 6 оқушысы биыл қазан айынан бері сабаққа қатыспаған.
«Олар 1-6 сынып аралығындағы оқушылар. Қыздардың сабақ үлгерімі өте жақсы болатын. Ата-аналары мектеп формасын кигізбегені үшін сабаққа кіргізілмеді. Үйден оқыды. 20-маусым оларды аттестациядан өткіземіз. Тапсыра алмаса, келесі сыныпқа өтпейді», – деп мәлімдейді облыстық білім басқармасы.
Айта кетейік, бұған дейін облыста орамал таққан оқушылар саны 340 болатын.