$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында 12 мектеп жаңа оқу жылында бала қабылдай алмайды

Түркістан облысындағы тозығы жеткен 12 мектептің оқушылары жаңа маусымда өзге білім ордасына баруларына тура келеді. Өйткені, ескі ғимаратта оқу мүмкін емес. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов жеткізді.

Күні кеше еліміздің бас санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин республика бойынша апатты 45 мектептің үштен бірі күнгейде екенін айтқан. Және мұны оқу жылының басына дейін аяқтауды тапсырған еді. Дегенмен, Түркістан өңірінің бас ұстазы апатты деп танылған 12 мектеп ешқандай жөндеуге келмейтінін, ал оның орнына қыркүйекке дейін жаңа мектеп салып бітіру мүмкін емес деп отыр. 9-ның құрылысы биыл басталыпты. Және оны жылдың соңына дейін салып бітірсек те жаман емес деп жоспарлаған түркістандық ақжағалы облыстағы мыңнан астам білім беру мекемесі 100 пайыз күрделі мен ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатқанын айтады. Айта кетсек, Түркістан облысындағы 1039 мектептің 12-сі апатты және 12-сі үш ауысымдық мектеп ретінде танылған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары