Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіт кәмелет жасқа толмаған балаға сексуалдық зорлық көрсетіп келгені үшін жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады Nur.kz.
Соттың шешіміне зорланған баланың жақындары келіспей отыр. Баланың анасы сот үкімі тым жеңіл екенін алға тартуда.
Ол баласын қорлаған жігіттің ату жазасына кесілгенін талап етті. Студент жігіт қорғансыз баланы үш жыл бойы зорлап келген екен.
"Менің ұлыма айуандық жасалды. Мұндай әрекет үшін ату жазасына кесу керек!", - дейді ол.