$ 447.4  477.55  4.76

Грант иелерінің тізімі түнгі 00:05 жарияланады

А.Сәрінжіпов бастаған білім және ғылым министрлігінің білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Қазір оны баспасөзде жариялау үшін беттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Биылғы тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарының иелерін анықтайтын комиссия құрамында мемлекеттік органдар қызметкерлері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан азаматтық альянсының, ғылым және білім қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары болды. Осы құрамдағы комиссия 2015 жылға бөлінген 32 168 грант иегерлерін толық анықтады. Гранттың 500-і жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне берілсе, 29 668 грант 1 курсқа оқушылар қабылдауға арналды. Соның ішінде күндізгі оқу бөліміне – 29 168, сырттай үшін 500 грант берілді. Білім гранттарын қабылдау құқығын конкурс жолымен анықталған 60 жоғары оқу орны жеңіп алды. Көрсетілген басымдықтар есебімен 12 600 грант – түлектерді техникалық және технологиялық, 6000-ға жуық грант – педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мамандықтары бойынша оқытуға бөлінді.

Отырыста осының бәрін саралай қарап шыққан комиссия грант иелерінің аты-жөндерін толық анықтап болды. Енді асыға күтіп отырған барша ағайынға білім гранттарына ие болғандардың тізімі республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің 11 тамыз, сейсенбі күні жарыққа шығатын нөмірінде жарияланатынын жеткізгіміз келеді. Ал айрықша асыққан оқырман оны «Егемен Қазақстанның» сайтынан (egemen.kz) сол күні түнгі 00:05 сағаттан бастап қарап, көре алады.

egemen.kz 



 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары