$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстандық ғалым Альфред Нобель атындағы медальмен марапатталды  

Павлодар мемлекеттік университетінің «Механика және мұнай-газ ісі» кафедрасының доценті Жанболат Ахметов «Жоғары білім саласындағы жаңашылдығы үшін» алтын медальмен және Альфред Нобель атындағы медальмен марапатталды.

Осылайша Еуразиялық ғылыми-өнеркәсіптік консорциум техникалық және физика-математикалық ғылымдар департаменті металдарды деформациялық-термикалық орнықтыру үрдістерін әзірлеу және жетілдіру саласындағы ғалымдардың еңбегін атап өтті. Награда жөніндегі комиссия Жанболат Ахметовтің ғылыми әзірлемесі елеулі қызығушылық тудыратынын атап өтті.

Комиссия өкілдері Ахметовтің баспақтау жабдығы барлық заманауи талаптарға сәйкес келетінін айтты. Ол ойлап тапқан аппарат өндірісте пайдаланып жүргеннен жарты бағаға арзан. Әрі технологиялық параметрлер мен өнімділігі жағынан өте жоғары деңгейде.

«Бастысы - оны пайдаланудағы техникалық және экономикалық тиімділік. Егер баспақ өңірде сұранысқа ие болып жатса, онда экономикаға өз пайдасын тигізеді» , - деп санайды Ж. Ахметов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары