Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар арасында RoboLand – 2019 фестивалі өтті. Шараға Қазақстанмен қатар Ресей, Өзбекстан және Италиядан келген 300-ден астам команда қатысты. Олар 14 санат бойынша өзара бақ таластырады.
Фестиваль осымен 5-мәрте ұйымдастырылып отыр. RoboLand халықаралық фестивалінде оқушылар екі күнге жалғасты. Осы уақыт аралығында олар аквапоника, жасанды ой-өріс, интернет заттары секілді күрделі санаттарды енгізді.
Шараның мақсаты – балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын насихаттау, инновациялық қызметтерді дамыту, білім робототехникасы саласында тәжірибемен бөлісу, үздік робототехникалық команданы анықтау.
Биыл RoboLand басқаша форматта өтті. Қатысушылар «Шығармашылық. Қуат. Жаңа мазмұн. Барлығы – беске!» деген ұран ұстанды
Фестивальге Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетов қатысты. Ұйымдастырушы комитет жарыстар үшін ең қызықты 14 санатты таңдап алды. Ең мықты командалар шеберлігін көрсетті. Ол үшін іріктеу кезеңдері өткізілді. Тек Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан жарысқа мыңға жуық балалар мен жасөспірім қатысты. Жеңімпаздар RoboLand-қа жолдамалар алды.
2018 жылы қарағандылық оқушылар Қазақстан атынан алғаш рет Азия –Тынық мұхит өңірлерінің RoboCup халықаралық жарыстарына қатысты. Дубайда (БАӘ) өткен турнирда қарағандылық команда қола жүлдені жеңіп алды. Алдағы сәуірде қарағандылықтар АҚШ-та өтетін робототехника бойынша әлемдік біріншілік – VEX Competition өнер көрсетеді.