$ 444.22  476.38  4.82

Израильдің ғарыш аппараты Айға жақындады

Ай бетімен жүретін алғашқы жеке меншік аппарат жердің табиғи серігіне 11 сәуірде қонады деп жоспарланып отыр. «Берешит»  аппаратынан түсірілген Айдың суреттері ғарыш миссиясының Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парағында жарияланды деп жазады Азаттық.

Израильде жасалған​​ «Берешит» ғарыш аппараты
Израильде жасалған​​ «Берешит» ғарыш аппараты

Ай бетімен жүретін «Берешит» аппараты Израильде жасалған. Оны құрастыруға қажетті 50 миллион доларға жуық қаржыны жеке тұлғалар мен венчурлық қорлардан жинаған.

Ғарыш аппаратына Айдың магниттік өрісін өлшейтін және өзге де аспаптар, Израиль мәдениеті туралы деректер жазылған капсула орнатылған.

Егер ғарыш миссиясы сәтті өтсе, Израиль СССР, АҚШ және Қытайдан кейін Ай бетіне аппарат қондырған төртінші ел болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Израиль #ай