$ 494.87  520.65  4.91

Польша университеттері қазақстандықтарға тегін білім гранттарын ұсынады

Үкіметаралық келісімшарт шеңберінде Польша үкіметі бакалавриат (3 орын), магистратура (4 орын) және докторантура (4 орын) бағдарламаларына 100% тегін бідім алу мүмкіндігі ұсынады, деп жазады «Болашақ» стипендиясының сайты

Стипендия нені қамтиды?

·         Тегін оқу

·         Жатақханада ақылы негізінде тұру мүмкіндігі (80–150 евро шамамен)

·         Докорантура бағдарламаларындағы студенттерге айлық шәкіртақы (300 евро шамамен)

Польшадағы университеттерде бакалавриат пен магистратураға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарының шығындарын өз есебінен төлейді.

Факультеттер мен оқу орындарының ағымдағы тізімі веб-сайтта бар: www.nawa.gov.pl, http://go-poland.pl/ru/higher-education-institutions

Керекті құжаттарды 1 данада келесі мекенжайға тапсырылуы қажет «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Астана қ., Мәңгілік Ел 8, 501 кабинет:

шетелге оқуға кететін Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы № 3-қосымшаға сәйкес болуы керек;

жеке бас куәлігінің немесе паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалар тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған болуы шарт). Түпнұсқалары тексерістен соң үміткерге қайтарылады;

шет тілін білетіндігін растайтын сертификаттың көшірмесі (IELTS, TOEFL, бар болған жағдайда), растау үшін түпнұсқасын қоса ұсыну керек;

білімі туралы құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі. Шетелдік дипломы бар болған жағдайда – білімі туралы құжатты мойындау немесе нострификациялау туралы куәліктің не болмаса білімі туралы құжатты мойындау туралы басқа құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі.

Білімі туралы құжаттар:

«Бакалавриат» бағдарламасы үшін – аттестат қосымшасымен немесе негізгі орта білімі туралы куәлік қосымшасымен, арнайы орта бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табелі немесе транскрипті бар, білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе арнайы орта білімі туралы дипломы қосымшасымен, орташа балы кем дегенде 5,0-ден 4,0;

«Магистратура» бағдарламасы үшін – бакалавр/маман дәрежесінің дипломы қосымшасымен немесе білім алушының ағымдағы жылдағы үлгерімі туралы транскрипті бар мәртебесі туралы анықтама, GPA 4.0-ден 3.0;

 «Докторантура» бағдарламасы үшін – магистр дипломы қосымшасымен немесе білім алушының ағымдағы жылдағы үлгерімі туралы транскрипті бар мәртебесі туралы анықтама, GPA 4.0-ден 3.0;

**Ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманы ұсынған үміткерлер үшін жоғарыда көрсетілген балдарға орташа балы сәйкес болуы қажет құжаттарды тапсыру кезінде ағымдағы жылы берілген № 4-қосымшаға сәйкес шетелге шығатын азаматтың 0/82у медициналық аңықтамасы;

таңдаған оқу бағыты бойынша халықаралық немесе республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

транскрипт немесе шетелдік жоғары оқу орнының шақыртуы (бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарына өз бетімен түскен немесе оқитын тұлғалар үшін). Сонымен қатар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аударма қамтамасыз етіледі;

бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік (ғылыми) әзірлемелердің тізімі (Докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

«жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, шетелдік тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсылық көрсетілмеген медициналық қорытындыға сәйкес мүгедектер және мүгедек балалар, көп балалы отбасыға жататын балалар» санатына тиесілі фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы тексерістен соң үміткерге қайтарылады);

заңды өкілдің (ата-ана, асырап алушылар, қамқоршы немесе тәрбиеші, асырап алушы ата-ана) шет елге оқуға жіберуге жазбаша келісім хаты (18 жасқа толмаған үміткерлер үшін).

Екі данада келесі құжаттарды тапсыру қажет (ағылшын немесе поляк тілінде беру керек):

стипендиялық бағдарламаның ағымдағы өтінім нысаны (толығымен толтырылып, басып шығарылады және өтініш беруші қолы қояды);

аттестатының көшірмесі немесе соңғы 2 жылдың табельдері;

бакалавриат диплом және транскрипті магистратура бағдарламасына, магистратура дипломы және транскрипті докторантура бағдарламасына;

профессор немесе мұғалімдері тарапынан 2 ұсыныс хат;

үміткердің зерттеу жобасын қабылдаушы мекемеде жүзеге асыруға болатынын растайтын университеттің немесе таңдап алынған ғылыми ұйым қызметкерінің оқуға қабылдау келісімі (егер бар болса);

басқа құжаттар (шетел тілін білетіндігін растайтын сертификаттар және т.б. бар болған жағдайда). 

Құжаттар құжат тігілетін папкіде 3 данада ұсынылады:

 2 пакет құжат ағылшын немесе поляк тілінде (1 түпнұсқа, 1 көшірмесі) — 1 пакет құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде (1 түпнұсқа); 

Құжаттарды келесі мекен-жай бойынша тапсыру қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-ші қабат, 507-каб.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі байланыс номері арқылы хабарласыңыз

+7 (7172) 24-93-71

Құжат тапсырудың соңғы мерзімі 15 сәуір.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#грант #Польша