21.05.2019, 17:21

Жемқорлықты болдырмау үшін: Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмек

stan.kz
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа амалын ұсынды.

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа амалын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz

«Академиялық адалдық лигасымен жұмыс істейміз. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз. Қазіргі таңда лигада 12 жоғарғы оқу орны болса, тағы 10 астам ЖОО кандидат ретінде қосылуға ниетті. Ол жаққа кіру үшін не істеу керек? Бірінші кезекте, әрине, емтихандарды «соқыр» тексеру. Яғни, жазбаша емтихандардың санын көбейтіп, тест сипатындағы емтихандарды жою. Бұдан бөлек, барлық жүйені толығымен электронды форматқа ауыстырамыз деп ойлап жатырмыз. Оның ішінде диплом беру де бар», - деді білім және ғылым министрі үкімет кулуарында.    

Министр білім жүйесін электронды форматқа көшірсе, онда бақылау өте қатал болады деген пікірде.   Оның айтуынша, ЖОО-да сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жаңа курс енгізілмек.  «Биыл жүргізген сауалнама нәтижесінде балалардың 70 процентінен астамы сыбайлас жемқорлыққа тап болмағанын, дегенмен қалған бөлігі барлығымызды алаңдатуы тиіс екенін айтты. Біз де осы бағытта жұмыс істейтін боламыз», - деді ведомство басшысы. 

Шәмшидинова бұл курс көптеген қазақстандық ЖОО оқу бағдарламасына енгізуге жоспарланып отырғанын айтты.