Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жас ұрпаққа үйретіп, ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдырып, озық тәжірибелерді насихаттаған байқауға Шымкент шаһары бойынша 29 мектеп қатысқанын айта кетейік.
- Мектеп оқушылары мен ата-аналарды, көрермендерді қоса есептегенде жалпы 1500-дей аудиторияны қамтыды. Бәйгеге 5-9 орыс сынып оқушыларынан құралған топтар қатысты. Өзге этнос оқушылары мен ата-аналардың белсенділігі айрықша ескерілді, - дейді Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры Нұрила Жұманова. Қазылар алқасының мүшесі Жанар Сауғамбаева биыл төртінші жыл өткізілген шарада тіл тазалығына көп мән берілгеніне тоқталды. Бас жүлде – Зоя Космедемьянская атындағы нөмірі 23 мектеп-лицейіне бұйырды. І орын – 45-ші жалпы орта мектебіне, ІІ орын – 43-ші жалпы орта мектебіне, Ш.Уәлиханов атындағы 18-ші жалпы орта мектебіне, Қазыбек би атындағы 36-шы жалпы орта мектебіне бұйырды.
«SN.kz» - ақпарат»