– Биылғы жылдың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ағылшын тілі пәні өзінің тест тапсыру деңгейінде болатын болса, мысалы ағылшын тілі пәнінен АILS курсынан өткен сетификаты қолында болған жағдайда тиісті балл автоматты түрде қойылып берілетін болады. Ол талапкерлерге үлкен мүмкіндік береді, – дейді қалалық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанат Тәжиева.
Айта кетейік, ҰБТ 2019 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Маусым айындағы ҰБТ сертификаты білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдануға мүмкіндік береді. Өтініштер ҰБТ өткізу пункттерінде және желілік жоғары оқу орындарында қабылданады. Ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар «Шет тілі (ағылшын тілі)» пәні бойынша ҰБТ-дан босатылады.
«2019 жылдан бастап білім гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады. Білім беру бағдарламаларының тобына бірнеше бағдарлама кіреді. Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер одан әрі оқу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды. Түсушілердің білім беру гранттарын беру конкурсы кезінде бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда 4 білім бағдарламасы топтарына дейін таңдауға мүмкіндігі бар», - дейді Ұлттық тестілеу орталығы.
«SN.kz» - ақпарат»