$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте «Ел ертеңі - білімді жастар» атты форум өтті

Шымкент қаласындағы М. Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар колледжінің қабырғасында өткен осынау форумға зілтемірші, ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен айтыскер ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов қатысты.

Аталған шара қазақтан шыққан тұңғыш инженер-теміржолшы Мұхамеджан Тынышбаевтың 140 жылдығына орай ұйымдастырылды. Қазақ спорт тарихында зілтемір көтерген алғашқы қызымыз Жазира жастарға ағынан жарылды. Ол қазіргі уақытта шәкірт тәрбиелуге кірісіпті. Форум барысында Мұхамеджан Тынышбаевтай қазақтың ұлы тұлғасының ізіндей боп ұлтжанды азамат, айтыскер ақын Біржан Байтуов жастардың жігерін қайрайтындай кесек сөздер айтты.

- Біз Алаш қайраткерлерінің ширегі тұрмақ, тырнағына да татымаймыз. Олардың заманы аумалы-төкпелі алмағайып уақыт еді. Ашаршылық, репрессия кезінде де жігерін жасытпаған. Ал дәл қазіргідей бейбіт заманда жастарымыз өздерін өлімге қия салады. Біз өзімізге берілген заманауи, тарихи мүмкіндікті оңтайлы пайдалануымыз керек, - деді айтыскер ақын. Бұл форум – жастар қауымына серпін берген келелі кездесу болды деп айтсақ болады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары