2019 жылдың 25 мамыр күні қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылық пен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында әр мектепте 10 полиция, қала мектептерінде жалпы саны 1400-ге жуық полиция қызметкері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыратын болады. Қыруар қаржыға салтанатты кеш өткізуді түлектер де қолдап отыр. Бітірушілер ҚР Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинованың бітіру кештерін өткізу туралы ұсынысын негізге ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы жастардың мектеп бітіру кештеріне арналған челенжді жалғастыру мақсатында мектеп бітірушылер арасындағы көшбасшылар кеңесі өткізілді. Кеңесте бітіру кешін тиімді ұйымдастыру бойынша үндеу қабылданды. Үндеуде: Бітіру кешін 11 жыл оқыған «алтын ұяда» өткізу, қымбат көліктермен автошеру жасауға тыйым салу, мейрамханалар мен тойханаларда арнайы кештер өткізбеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ жас өрендерге өнеге болу мақсатында мектеп кітапханасына кітап сыйлау акциясын ұйымдастыруды алға тартты. Білім беру ұйымдары тарапынан ата-аналарға да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұл-қызының бітіру кешін мектепте өткізу туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
«SN.kz»-ақпарат.