Аталмыш фестиваль Жастар жылына орай «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы білім басқармасы және Политехникалық колледжбен бірлесе ұйымдастырылған.
Олар патриоттық және заманауи әндерге топ болып биледі. Қызықтысы сол – студенттер емтихан мен дипломдық және басқа да жұмыстарда кезіктірген оқиғаларды би арқылы бейнеледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың өнерлері таспаға түсіріліп, ғаламтор желісінде таратылмақ. Мақсат – жастарды адалдық пен отансүйгіштікке баулу. Қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты жою үшін қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында адалдық алаңы штабтары құрылып, сатушысы жоқ дүкендер ашылған.
«SN.kz»-ақпарат.