Демеушілердің көмегімен жабдықталған кабинеттің ашылуына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, орталықтың жұмысымен танысты. Сонымен қатар шаһар басшысы игі істің жаршысы болған «Дара» қорына, «AZALA Group» кәсіпорны мен «Қор» мұнай компаниясына алғысын білдірді.
Бұдан бөлек әкім №19 орта мектептің психологиялық түзету кабинетінің жұмысымен танысты. 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келетін бұл кабинет «Әрбір бала мектепке лайық» жобасы аясында «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен ашылған.
Айта кетейік, Шымкент қаласында он мыңға жуық ерекше білім беруді қажет ететін балдырған бар.
«SN.kz»-ақпарат.