$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік студенттер парасаттылық мектебінде оқудан өтіп, сертификатқа ие болды

Оқу курсынан өткен жастарды мамандар әуелі сайдың тасындай іріктеп алыпты. Сөйтіп, 20-дан астам шәкірт мінез-құлық мәдениеті мен эмоционалдық интеллект туралы білім-білігін арттырды. Шараның басты мақсаты жастар арасында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын-алу.

Парасаттылық мектебінің қатысушылары сыбайлас жемқорлық феномені және онымен байланысты ұғымдар туралы теориялық білім алды. Оқып-білгенін, ойға түйгенін тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жобаларды әзірлеу кезінде қолданды. Сондай-ақ өзінің шығармашылық және сыни құзыреттіліктерін дамыту мүмкіндігіне ие болды.

«Негізінен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты ересек контингентпен жүргіземіз, яғни бұл дегеніміз жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері. Ал қазір алғаш рет жастарды біздің парасаттылық мектептерімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа үйреттік. Жас жеткіншектер аймақтардағы курстарға үлкен қызығушылық танытып отыр» - дейді саяси ғылымдар кандидаты Сәуле Рысбаева.

Бұқара үшін тиімді бастама еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асты. Оқуды жоғары білікті сарапшылар мен тәжірибелі тренерлер өткізді. Шараны ұйымдастырушы –    ҚР Президенті жанындағы    мемлекеттік басқару академиясының  Шымкент қаласы бойынша филиалы. Жастардан бөлек, мемлекеттік қызметтің бел ортасында жүрген мамандар адалдық әліпбиін үйреніп жатыр. Бүгінде 230 мемлекеттік қызметкер қайта даярлау курстарынан өтті. 524 азамат біліктілігін арттырды. Қазірдің өзінде 750 адам білімін растайтын сертификат алып үлгерді. Жыл соңына дейін тағы 400-ден астам мемлекеттік қызметші оқудан өтуі тиіс. Басты мақсат – парақорлықтың тамырына балта шауып, жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары