22 маусым күні Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағында VІ облыстық «Жастар әлемі» фестивалі өтеді. Кеште өнерпаздар патриоттық әндер, заманауи музыкаларды орындайды.
Шараға рок-топтар, рэп-орындаушылар және Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск, Шет және Абай аудандарының көше билерінің шеберлері қатысады.
Биылғы жылды елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар жылы» деп атап, олардың нағыз патриот боп өсуіне жағдай жасау керек екенін айтқан болатын. Былғы шара «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылғалы отыр.
Фестиваль қонағы Нұр-Сұлтан қаласынан Neon Winchester тобы болады.
Қойылым орталық саябақта сағат 12.00-де басталады. Бағдарлама күні бойы 23.00-ге дейін жалғасады. Фестиваль қатысушыларына шара соңында дипломдар беріледі.
Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының хабарлауынша, фестивальдің мақсаты – жастар мәдениетін дамыту және насихаттау, бос уақытты ұйымдастыру, талантты жастарды анықтау және кәсіби шеберлікті арттыру болып табылады.
Қатысушылардың жас мөлшері 5-тен 40 жасқа дейін. Музыка және костюм композицияға сай келіп, бидің болмысымен сәйкесуі тиіс. Музыкалық қосақталу mp3 форматында алынбалы-салынбалы ақпарат тасымалдауышта концерт алдында, тіркеуден өткен соң ұйымдастырушыларға тапсырылуы керек. Қойылым ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс.
Әр рок-тобы 8-10 туындыларын ұсынады: авторлық және танымал әндердің кавер-нұсқасы. Өзімен бірге орындаушылар өз аспаптарын, дыбыс әрлеуші құралдары- аспаптық процессорларын, қажет болған жағдайда гитара комбиктерін және т. б. ала келулері керек.
«Жастар әлемі» облыстық фестивалі алтыншы рет өткізіліп отыр. Былтыр жастардың өнер байқауында дарынды деген қыз-жігіттер өз таланттарын паш етуге зор мүмкіндік алған болатын. «Жастар әлемі» дәстүрлі фестиваліне қатысушылар дипломдармен және құрмет грамоталарымен марапатталған еді.
Фестиваль бағдарламасында «Квинтовый круг», Абай ауданынан «Rocks time», Қарағандыдан «Ниагара» «KLIENT» «Сальерика» «TEQUILA SUNRISE» «Stolen Song», «STEPPEFISH» және «Кукумбер» рок-топтары өнер көрсеткен болатын.