$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте үш тілділік бойынша олимпиада өтуде

Бүгінде елімізде үш тілділік саясаты бойынша қыруар жұмыстар жүзеге асырылуда. Осының негізі ретінде дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында Шымкент қаласында орналасқан «Nur-Bat group» білім беру орталығы оқушылар арасында үш тілділік бойынша олипиада өткізді. Онда 250 бала өзара бақ сынады.

Жартылай әлеуметтік жоба бағытында іс атқаратын Nur-Bat group білім беру орталығы 2018 жылы құрылған. Бар жоғы бір жылдың ішінде білім саласының дамуына сүбелі үлестерін қосып келеді. Соның дәлелі ретінде биыл, алғаш рет үш тілділік бағыты бойынша облыстық олипиада өткізді.

  «Біздің орталықтың басты мақсаты ауылдық деңгейдегі балларды қалалық балалардың деңгейін көтеру. Себебі қазірге таңда үш тілділік тұғырлы саясаты бойынша жұмыстар жүргізуде. Біздің өткізіп жатқан алғашқы олимпиадамыз ағылшын тілінде өтіп жатыр. Мұнда Түркістан облысы бойынша 4 аудан қатысып жатыр. Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы және Шымкент қаласы. Және тағы бір ерекшелігіміз облыс бойынша балаларды іріктеп, Республикалық олимпиадаға жолдама беру» - дейді Nur-Bat group білім беру орталығының директоры Арайлым Лесбаева.

Nur-Bat group білім беру орталығы ұйымдастырған олимпиадаға 250 оқушы қатысуға ниет білдірген. Тіпті, олардың әрқайсысы аудан аралық жарыстардан іріктелініп алынған. Олипиада үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен ережелері бар. Олипиада жеңімпаздарын Шетел филология кафедрасының комиссия мүшелері анықтайтын болады. Ал, өткізілген олипиаданың шарты бойынша 250 оқушының тек 48 ғана Республикалық олипиада жолдама алады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары