$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында мегаполиске квест-саяхат ұйымдастырылды

Шымкент қаласының республикалық қала мәртебесін алғанына 1 жыл толуын қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы ерекше атап өтті. Ерекше іс-шараның мақсаты - Қала күніне орай Шымкенттің көрікті жерлерімен жіті танысу, тарихына үңілу, өлкетану жұмысын жандандыру, жаңадан бой көтерген сәулет ескерткіштерін аралау.

– Квест саяхаттың ерекшелігі сол, әр аялдамада жастар жолға шығу үшін Шымкент туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл жастардың туған қаламыз туралы дүниетанымын арттыратыны анық, - дейді "Отырар" кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Алпысбаева.

Квест-керуен Бәйдібек баба ескерткішінен басталып, Тәуелсіздік саябағына дейін өтті. Бәйдібек баба ескерткішінің маңында халықаралық Алаш сыйлығының иегері, «Бәйдібек-Сыланды» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Еркінбек Тұрысов жастарға келелі ой айтты.

– Бұл ескерткіш тарихи маңыздылығы жөнінен де, биіктігі жөнінен де Евразия бойынша бірінші орында тұр. Бәйдібек Қарашаұлы ұлтымыздың аумақтық, этникалық тұтастығын сақтап, қалыптастыру үшін күш салған адам, - деді жазушы.

Саяхаттың әрбір аялдамасында жастар Шымкент туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл күні Шымкенттің еңселі сәулет ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Жыр-арнаулар айтылды. Домбырамен әндер шырқалып, ақындар авторлық өлеңдерін оқыды.

«SN.kz» - ақпарат»

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары