$ 495.2  522.34  4.94

Шымкенттік жас түлек ҰБТ-дан 139 балл жинады

Шымкент қаласындағы №65 мектеп-гимназияның түлегі Әсемай Жарқынбекқызы ұлттық бірыңғай тестілеуден 139 балл жинады. «Алтын белгі» иегері Әсемайды ұстаздары білім ошағындағы дарынды оқушылардың бірі екенін айтады.

Мектеп қабырғасында қалалық және қашықтықтан өткізілетін олимпиадалардың әрдайым жеңімпазы атанып жүрген Әсемай ағылшын тілін жетік меңгерген екен. Ұстаздары мен ата-анасының үмітін ақтаған ізденімпаз түлектің енді өзі таңдаған оқу орнына түсуіне толық мүмкіндігі бар.

Атап өтер жайт, Шымкент шаһарында 21 маусымда басталған сынақ 5 жоғары оқу орнының базасында 26 маусымға дейін жоспарлы түрде жалғасады. Биыл Шымкентте мектепті 8063 оқушы мектеп бітіріп, оның 5463-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген.

Оның ішінде қазақ тілінде – 4454 оқушы, орыс тілінде – 987 түлек және биылғы ерекшелік – 22 түлек ағылшын тілінде тапсырды. Осылайша мектеп бітірушілер 11 жыл алған білімдерінің нәтижесін сараптайды.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #ҰБТ