$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте қыздар үшін арнайы курс өтуде

Шымкентте сұлулықтың қыр-сырымен танысқысы келетін қыздар үшін арнайы курс өтуде. «L.A.K Sherry» сән салонында дәріс алушылар үшін танымал стилист-визажистердің тәжірибелері үйретілді. Бұл күні модель ретінде кез-келген жан емес, мүмкіндігі шектеулі азаматтар қамтылды.

«L.A.K Sherry» сән салоны қыз-келіншектерді әрлеуді үйретуді әдетке айналдырған бірден-бір орталық. Қазір мамандар жергілікті халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіссөзді нығайтқан. Соның негізінде 20-дан астам бұрымды шаш, бет бояу үлгілерін меңгеруде. Қоғамдық бірлестік мүшесі Гүлбахира Тәжібаева «Бұл қыздар көп нәрсені үйреніп жатыр. Негізінде бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балаларды таңдап отырмыз»,-дейді.

Фариза Алденова – екі баланың анасы Арнайы білімі жоқ, жұмыссыз келіншек хабарландыру арқылы тегін курсқа қатысып жүр. 3 айда ол бет әрлеу мен тырнақ бояуды үйренді. Танымал виззажистен тегін дәріс алғанына қуанышты. «Мен үшінші ай үйреніп жүрмін. Жақсы, үйренген сайын қуанып қоям. Негізінде мен осы жерде жұмысқа қалуға қарсы емеспін. Мені өздері де жұмысқа орналастырып береді»-дейді ол. Осылайша қыз-келіншектер дәрістің бір күнін ерекше атап өтті. Егер сіз жұмыссыз жүрген болсаңыз, арнайы орталықтың жолдамасымен бет әрлеп, шаш түюді үйренуге мүмкіндігіңіз бар. Әр бұрымды сұлу болуы тиіс. Оған сіз де үлес қосыңыз.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #сән