$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жас мамандарға арналған жазғы мектеп жұмыс істеуде

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбында жазғы мектеп басталды.

 24-29 маусым аралығында өтетін жазғы мектептің жұмысына лекторлар мен тренерлер ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының мамандары, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, дінтану және теология мамандары, медиа-тренер мен бизнес-кеңесшілер қатысуда.

Аталған шараның ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының бас сарапшысы Асет Абжаков, Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов сөз сөйлеп, жазғы мектеп жұмысының маңыздылығына тоқталды. Жазғы мектепке Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен барлық облыстарының жас мемлекеттік қызметшілері, этномәдени бірлестіктерінің жас көшбасшылары қатысуда.

Жазғы мектеп жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», медиацияның келіспеушілік дауларын шешудің баламалы тәсілі ретіндегі рөлі және мәнімен танысу, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасылады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары