ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қостанай өңіріндегі қазақ мектебінің жағдайына алаңдаулы екенін көрсетті. БАҚ мәліметінше, бұл мекеме – Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектеп. «Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында.