- Көптеген ата-аналар осындай орталықтың қажеттігін айтқан болатын. Сол өтініштерді негізге ала отырып, дертке шалдыққан балаларды емдеу орнын қаланың орталығынан ашуды дұрыс санадық, - деді өз сөзінде қала басшысы. Болат Өтемұратов атындағы қордың директоры Марат Айтмағанбетовтың айтуынша, бұл - елімізде жетінші қалада ашылып отырған орталық. 2015 жылдан бері орталықтарға 8 мыңнан астам аутизмге шалдыққан бала қаралған. 2 мыңнан астамы тиімді бағдарламаларды толық аяқтап ем қонған. Қазіргі таңда, орталықтарға ем алуға жеті мыңнан астамы кезекке тұр.
Шымкентте ашылған жаңа орталықтың 6 бөлмесі балаларды дамыту және түзету құрал-жабдықтармен қамтылған. Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов орталықты аралап көріп, науқас балалардың ата-аналарымен тілдесті. Орталық басшысымен әңгіме барысында ата-аналарға да психологиялық қолдау қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, Шымкентте 4000-ға жуық балаға аутизм диагнозы қойылған.
«SN.kz» - ақпарат»